Алматылықтар арасында генетикалық зерттеулердің қай түрі сұранысқа ие

proprikol.ru
proprikol.ru
ДНҚ бірегейлігі оны криминалистикада қолдануға мүмкіндік берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне генетик-дәрігер, ерекше ілімнің мүмкіндігін таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сарапшы жыл сайын бүкіл әлем бойынша 3 қыркүйекте ДНҚ бірегейлігінің ашылу күні атап өтілетінін еске салды. 1984 жылы британдық ғалым Алек Джеффрис әр адамның ДНҚ-сы ерекше екенін және қайталанбайтынын анықтады.

- ДНҚ дегеніміз -  шын мәнінде, өмір молекуласы. Бұл нуклеотидтерден тұратын тізбек, биологиялық әліпби деп аталады, онда ағза туралы барлық ақпарат сақталады және ол ақпараттың ұрпақтан ұрпаққа қалай берілетіні жазылады. 1953 жылы америкалық ғалымдар ДНҚ молекуласының үш өлшемді құрылымын ашты. Бұл биотехнология мен генетиканың, сондай-ақ медициналық генетиканың қарқынды дамуына мүмкіндік берді, - деді  генетикалық зертхананың қызметкері Мадина Элиасова.

Дәрігердің айтуынша, ДНҚ-ның бірегейлігі оны криминалистикада қолдануға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда генетика тұлғаны анықтаудың ең дәл әрі нақты әдісі саналады. Бұл әдіс сот тәжірибесінде баланың биологиялық әкесін анықтау үшін қолданылады.

- Жалпы, қазір биотехнология мен генетиканың арқасында түрлі аурудың қалай жүретінін түсіну оңай болған. Осы бағытта медицина да көш ілгерілеп келеді. ДНҚ-ның ерекшелігін зерттеу тарих ғылымының дамуына  да зор мүмкіндік берді. Яғни, тарихи тұлғаларды анықтауда таптырмас тәсіл екені анық. Мысалы, ковидке қарсы ПТР-тесті де осы зерттеудің нәтижесі, - деді Мадина Элиасова.

БАҚ сауалына жауап берген ғалым, адамзат өзінің шығу тегін білгені дұрыс екенін айтты. Зерттеудің дәл осы түріне бүгінде сұраныс жоғары.

- Генетикалық тестілеудің шығу тегін қатысты сұрақтарға жауап бере алады. Мұндай тест «шығу тегіне саяхат» деп аталады. Бұл тест ортақ  шығу тегін білуге мүмкіндік береді. Анасы  жағынан шығу тегін іздестіру қиындау. Әкесі жағынан зерттеу жасаған әлдеқайда тиімді. Ата-бабаларымызды іздеуге, басқа халықтармен ортақ ата-бабаларымызды анықтауға  мүмкіндік береді, - деді Мадина Элиасова.

Генетикалық тұрғыда өзінің туыстығын анықтауға болады. Мұндай зерттеу құны шамамен 50 мың теңге. Ол үшін екі тараптың биоматериал үлгісі қажет.

Мамандар генетикалық зерттеу тұқым қуалайтын аурулардың бар-жоғын да анықтауға көмекші дейді. Сол себепті жүктілікті жоспарлаған жұптар міндетті түрде генетиктердің қызметіне жүгінуі тиіс. Мамандар өз кезегінде түрлі факторды анықтап, болашақ сәбидің өміріне қауіп бар-жоғын анықтайды.

Оқи отырыңыз: Елімізде заңсыз тауар тасымалы азаймай тұр

Новости партнеров