Алматыда «ерекше» балаларға медициналық көмек қалай көрсетіледі? №36 Қалалық емхананың педиатр-дәрігері Майя Шегебаева айтып берді. Маманның айтуынша, медициналық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға, ал, мүмкіндігі шектеулі балаларға, медициналық көмектің негізгі түрлерімен бірге КТМКК және МӘМС тараптарында тегін көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың арасында: медициналық алғашқы көмек, орта медицина қызметкерлерімен көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек, жалпы тәжірибелі дәрігерлерімен, терапевттермен, педиртлармен көрсетілетін біліктілік көмегі, бейінді мамандармен көрсетілетін мамандандырылған көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер және әлеуметтік-медициналық көмек. Еліміздегі балалар мүгедектілігі көкейтесті мәселені бірі болып саналмақ. Балалар мүгедектілігіне әкелетін аурушаңдық құрылымында психикалық күйзелістер жүйке жүйелерінің ауруы, даму ақаулығы, зат алмасуының бұзылуымен байланысты аурулар, бұлшықет-сүйек жүйесінің ауруы.
«Бүгінде емханамызда мүмкіншілігі шектеулі 140 бала есепте тұр, оның ішінде, қимыл-тірек аппаратының бұзылуымен – 41%; оның арасында, арбамен жүретін мүгедектер – 9,9%; есту қабілеті бұзылғандар – 6,5 %; көру қабілеті бұзылған – 3,3%; психикалық бұзылыстармен – 19%; басқа да патологиялар – 20,3%.
Олардың барлығы диагностика хаттамасына сәйкес, үнемі тиісті түрде емделіп тексерістен өтіп отырады. Дәрігердің қабылдауына ұялы қолданба арқылы жазылып, ал, егер шұғыл жағдай болса, онда қабылдау кезінде кезекке тұрмайды, сағаттары мен тіпті минуттары есептелу себепті, жазбасыз және кезексіз қабылданады», – деп түсіндірді. Мұндай балаларға медициналық көмек педиатр-дәрігерлермен, сондай-ақ, учаскелік ұстаным бойынша жалпы тәжірибелі дәрігерлермен, бейінді мамандармен, көрсеткіш анықталған кезде- үйге бару арқылы көрсетіледі. Оның айтуынша, емханада заманауи құралдармен жабдықталған ересектерге және балаларға және де церебралды сал диагнозымен, қимыл-қозғалысы дамуының бөгелісімен, психикалық дамуының бөгелісі, жарақаттан кейінгі контрактурасы бар балаларға арналған оңалту бөлімшесі қаралған.
Өткізілетін медициналық оңалту организмнің бұзылған және (немесе) жойылған функциясын бөлшекпен немесе толыққанды түрде қалпына келтіруге, сақтауға бағытталған кешенді медициналық қызметті көздемек.
«Мүмкіншілігі шектеулі балаларды сауықтыру үшін біз өз еркімізбен алты айда 1 рет Қалалық балалар оңалту орталығы (3-14 жастан), Балдәурен, Алау (жасына қарай) балалар шипажайы (7-14 жаста), кезінде Алматы қаласының №2 Балалар шипажайы деп аталған Балаларды ерте оңалту орталығы (3-7,5 жаста), балалар сал ауруымен ауратындарға арналған «АРДИ» Оңалту орталығының күндізгі стационары, «Құлагер» медициналық орталығы, «Жұлдызай» балалар оңалту орталығы, қаланың стационарларына, сонымен қатар, квота бойынша Қоғамдық денсаулық басқармасы арқылы Балбұлақ Республикалық балалар орталығына, Алатау Балалар клиникалық орталығына, Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық балалар орталығы секілді республикалық мекемелерге жібереміз. Баланы жатқызу мәселесі «Жатқызу бюросы» порталы арқылы, сондай-ақ баланың ата-анасының өтініші бойынша және бала Нұр-Сұлтанда емделуі туралы барлық қажетті құжаттарды ұсыну арқылы жібере аламыз, жергілікті басқармамен ілесіп жүретін адамдар үшін билеттің құны плацкартпен жүру құны бойынша жеңілдетіледі», – деді Майя Шегебаева. Дәрігер сондай-ақ, егер баланы жатқызу үшін шұғыл көрсеткіштер орын алса, жедел разрядымен қаралып ауруханаға жатқызылады. Әрі мұндай жағдайда ата-аналар жедел жәрдем көмегін шақырулары тиіс.