Сонымен қатар, №4 перзентханаға 60 төсек орны қосылады
Алматыдағы барлық перзентхана инфекцияны бақылаудың қатаң талаптарына сай. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Әсіресе, пандемия кезінде барлық әйелге қауіпсіз босану, босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі күтім қолжетімді болуы маңызды», – деді спикер.
Қаладағы барлық перзентханада коронавирус инфекциясы бар жүкті әйелдерді қабылдайтын бөлім бар екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, №4 перзентханаға 60 төсек орны қосылады. Сондықтан, диагнозы расталған болса да, болашақ аналар алаңдамауы керек. Барлық перзентхана инфекцияны бақылаудың қатаң талаптарына сай келеді.