|
08.07.2020 | 16:40
8573

Соңғы күндері Алматы қаласының аумағындағы дәріханаларда кезек байқалмайды — «ГаухарТас» дәріханалар желісінің директоры

Дәріханаларда парацетамолды бір қолға 2 данадан береді

Соңғы күндері Алматы қаласының аумағындағы дәріханаларда кезек байқалмайды — «ГаухарТас» дәріханалар желісінің директоры © Sputnik / Тимур Батыршин

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ету бойынша өндіруші зауыттармен, жеткізушілермен және дәріханалармен бірлесіп күшейтілген шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Almaty.tv.

«ГаухарТас» дәріханалар желісінің директоры Гаухар Исабекова дәріханаларда бұған дейін шынымен де кезектер болғанын хабарлады, дегенмен жағдай тұрақталған.

«Соңғы 1-2 күннен бері үлкен кезек жоқ. Әлеуметтік қашықтық та сақталуда, қалада ауа райы жылы болғаннан кейін, қауіпсіздік мақсатында дәріханаға 1 адамнан ғана кіргізу шешімі қабылданды», – деп түсіндірді ол.

Сонымен бірге, дәрілік құралдар мен препараттарды жеткізу мәселесі де атап өтілді. Аталған жұмыс әкімдікпен бірлесіп жасалған.

«Коронавирус пандемиясын ескере отырып, халық арасында сұранысқа ие дәрілік препараттар фирмаға келіп жатыр. Мәселен, Алматы қаласының әкімдігімен жасалған қосымша келісім бойынша кеше парацетамол алдық. Бұған дейін 3 күн бұрын жеткізіліп еді», – деп хабарлады Гаухар Исабекова.

Соған қарамастан, дәріханаларда парацетамолды бір қолға 2 данадан береді. Бұл бір жерде аталған дәрімен шамамен 250 адамды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта парацетамолды жеткізу көлемін ұлғайту күтілуде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир