Сайыс талабы бойынша, науқас дәрігерлік талабын орындап, бағдарлама арқылы есеп беріп отырған
Қазақстандықтар өз денсаулықтарын дұрыстап қадағалау керек. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Ауруларды басқару бағдарламасы» – осы мәселе төңірегінде таптырмас шешім. Облыстар бойынша науқас тұрғындар арасында аталмыш бағдарлама кеңінен насихатталып, бірінші республикалық арнайы байқау да өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Байқауға қатысушы науқастар арасында бақылау жасау нәтижиесінде шұғыл ауырғандар саны азайып, денсаулық көрсеткіштері жақсарғаны да байқалған.
«Ауруларды басқару» бағдарламасы 2013 жылы іске қосылған. Бұл еліміздегі бірнеше өңір мен жүздеген науқасты қамтыған пилоттық жоба болды. Қазіргі таңда «ауруларды басқару» бағдарламасына еліміздің барлық 17 аймағы мен 500 000-нан астам пациенттер қатысуда. Аталмыш бағдарламаның «тиімділігі неде?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Ауруларды басқару бағдарламасы пациентте бар аурулардың асқынуының алдын алуға бағытталған», – деді Кардиология және ішкі аурулар ғзи басқарма төрайымы Роза ҚУАНЫШБЕКОВА.
Дәрігер мен науқас серіктес болған бұл байқауға еліміздің әр облысынан көптеген тұрғындар қатысқан. Сайыс талабы бойынша, науқас бүкіл дәрігерлік кеңестер мен талаптарды дұрыс қадағалап, арнайы бағдарлама арқылы есеп беріп отырған. Байқау қорытындысы бойынша Батыс Қазақстандық Ирина Воробьева мен Жамбылдық Серік Меңдібай жеңімпаздар атанып, оларға «Оқжетпес» шипажайына жолдама берілді.