Онда Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды
Жиынға медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары қатысты. Штаб отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың 29 қазанда Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматыда барлық медициналық ұйымдарда бақылау кеңестері таңдалды. Кеңес құрамына Мәжіліс пен мәслихат депутаттары, ҮЕҰ мен тәуелсіз медициналық қауымдастықтардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес-қауымдастықтардың, партиялардың өкілдері, блогерлер мен журналистер кірді.
Айта кетейік, бақылау кеңесінің мүшелері өз өкілеттілігі шеңберінде медициналық ұйымдарда корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге қатысуға және өз ұсыныстарын енгізуге құқылы, қаржы ағындарын бақылауға мүмкіндігі бар. Бұған демеушілік және қайырымдылық көмекті бөлу, қызметкерлерге сыйақы беру және медициналық ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің басқа да мәселелері кіреді.
Штаб отырысында ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша қалалықтар денсаулығының негізгі индикаторларына қол жеткізу және медициналық ұйымдардың МӘМС енгізуге дайындығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жалпы, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 39 мақсатты индикатордың 34 индикаторына қол жеткізілді. Осылайша мегаполисте қатерлі ісіктер, қан айналымы, туберкулез ауруларынан болатын өлім-жітім төмендеді. Медициналық ұйымдарда МӘМС дайындығына қатысты айтар болсақ, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының м.а. Тілеухан Әбілдаевтің айтуынша, қауіп-қатерлер бар көрінеді. Атап айтқанда, медицина қызметкерлерінің нормативтік құқықтық актілерді түсінбеуі және инфрақұрылымның медициналық қызметтердің ұлғайған көлемін көрсетуге дайын емес.
«Осы қатерді жою үшін өңірлер медициналық көмек көрсету, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтерді сатып алу және төлеу тәртібіне үнемі оқыту қажет», – деп атап өтті Т. Әбілдаев өз сөзінде.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда медициналық қызметкерлерді практикалық кейстерді қолдану бойынша оқыту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Оқу қорытындысы бойынша 2 кезеңмен білім деңгейі тексерілді. Бірінші кезеңде бас дәрігерлер мен олардың орынбасарлары бағаланса, екінші кезеңде дәрігерлер мен орта медперсоналдың білімі қаралды. Түстен кейін қала әкімнің орынбасары Ержан Бабукумаров №5 қалалық клиникалық аурухана базасында МӘМС енгізуге медициналық ұйымдардың дайындығының пилоттық тестілеуін өткізді.
Бас дәрігерлермен бірге емхананың тіркеу бөлмесінен бастап стационар палатасына дейінгі пациенттің жүріп өтетін кезеңі қаралды. Шара соңында Ержан Бабақұмаров Қоғамдық денсаулық басқармасына қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен денсаулық сақтау жүйесін дамытудың қалалық бағдарламасының индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету міндеті қойылды. Бас прокуратураға ана мен бала өлімі, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім, жарақаттар, жазатайым оқиғалар, улану көрсеткіштерінің серпінін ерекше бақылауға алу тапсырылды. Бұдан өзге, медициналық ұйымдардың басшыларына ТМККК жаңа моделі мен медициналық қызметкерлер арасында МӘМС пакеті бөлігінде қабылданған НҚА-ны зерделеу бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.