|
13.06.2023 | 16:53
880

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында заманауи қабылдау бөлімі ашылды

Ерекше қажеттілігі бар адамдар ғимаратқа арбамен емін-еркін кіріп, ем-домын алады

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында заманауи қабылдау бөлімі ашылды Almaty.tv

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында заманауи қабылдау бөлімі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Науқастарға медициналық көмекті оңтайландыру мақсатында салынған ғимаратта триаж жүйесі енгізілген. Демек, ауруханаға келушілерді санатына қарай бөлуге көмектеседі. Сонымен қатар, жаңа бөлімшеде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған. Ерекше қажеттілігі бар адамдар ғимаратқа арбамен емін-еркін кіріп, ем-домын алады.  

«Медициналық көмектің сапасын арттыру шеңберінде осы қабылдау бөлмесінің 1 мың шаршы метрдің реконструкциясын жасап, бүгін ашып отырмыз», – деді ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.

Институт халықаралық аттестациялардан сәтті өтіп, ұлттық сертификатқа да ие болып жүрген мекеме. Ендігіде жағдай жасалған жаңа ғимаратта бұдан да жоғары жетістіктерге жетеміз, дейді дәрігерлер. Онымен қоса, ыңғайлы жұмыс орны қызметкерлердің ынтасын арттыратынын тілге тиек етті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир