|
09.07.2019 | 17:10
8754

Түрксіб ауданында жаңа отбасылық емхана ашылды

11 мың адамды қамти алатын емхана барлық халықаралық талаптарға сай жасалған

Түрксіб ауданында жаңа отбасылық емхана ашылды Almaty.tv

Алматы қаласының Түрксіб ауданында Елорда күніне орай жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория өз жұмысын бастады. №32 емхананың бөлімшесі ретінде қызмет ететін бұл мекеме «Алтай-1», «Алтай-2» шағынаудандары және әуежай маңы тұрғындары үшін жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алматы тұрғындар үшін жайлы қала» концепциясына сәйкес барлық әлеуметтік нысандар алматылықтарға қолжетімді болуы керек. Бұл емдеу мекемесінің тағы бір ерекшелігі бар. Бұрынғы 4-ші балалар емханасы болғандықтан, осы салада қызмет ететін мамандар қалған. Сол дәрігерлер енді жаңа орталықта балаларды қарайтын болады, қосымша жұмыс орындары да ашылады.




«Бұл жерде қазіргі заманға сай жаңа құрылғылар бар. Олар: УЗИ-ЭКГ датчигімен, ЛОР комбайн және хирургиялық заманға сай кабинеттер. Бұл жерде 4 учаскелік дәрігер және балаларға арналған 6 учаскелік дәрігер болады. Сондай-ақ жедел көмек көрсету кабинеті мен тұз шахтасы бар», – деді Алматы қаласы № 32 емхананың бас дәрігері Артур ҚАЖЫБАЕВ.

11 мың адамды қамти алатын емхана барлық халықаралық талаптарға сай жасалған. Соңғы үлгідегі заманауи медициналық құралдар, балалар ойнайтын бөлме де бар. Алғашқы мемлекеттік емдеу мекемесі ретінде мұнда эпилепсия ауруын анықтап, емдейтін құрал сатып алынған. Хирургиялық және шұғыл көмек көрсету бөлмелері де бар. Ал мекеме қызметкерлері біліктіліктерін арттырып, ағылшын тілін үйренуде. Учаскелік дәрігерлер науқасқа тезірек жетуі үшін велосипедпен қамтамасыз етіліп жатыр.

«Мен осында есепте тұрғаныма өте қуаныштымын. Дәрігерлердің барлығы жылы қарсы алады. Ал біз секілді егде жастағы адамдарға дәріден гөрі дәрігердің жылы қабағы маңызды. Жұмысын енді бастаған жаңа ғимараттың арқасында науқастар саны азаяды деп сенемін. Әкімдік пен емхана басшылығына алғыс білдіремін», – деді емделуші Тамара СМЕРЕЧАНСКАЯ

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир