|
10.07.2019 | 09:31
4213

Жаңбыр, жел: 10 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Карағанда облыстарының кей жерлерінде күндіз қатты күн ыстық болады

Жаңбыр, жел: 10 шілдеге арналған ауа райы болжамы bryansk-news.net

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрып, бұршақ жауады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел  екпін 25 м/с күшейіп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысында жел екпіні 18 м/с күшейеді.

Алматы, Қостанай, Қарағанда облыстарында түнде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысның бірқатар аймақтарында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Карағанда  облыстарының кей жерлерінде күндіз  қатты күн ыстық болады.

Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.        



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир