МӘМС: қордағы жарнаның 50 пайызы қайтарыла ма

Фото: Владислав Воднев
Фото: Владислав Воднев
Бұған дейін депутаттар бұл жүйені сынға алған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы жарнаның 50 пайызы қайтарылмайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Үкімет отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медициналық қызметті қолданбаған адамның жарты ақшасын қайтару ұсынысына қатысты жауап берді. Бұған дейін депутаттар бұл жүйені сынға алып, бір жыл ішінде көмекке жүгінбегендерге жарнаның жартысын қайтарып беруді ұсынған болатын. Бірақ "бұл заң тұрғысынан мүмкін емес" деді Ажар Ғиният. Оның айтуынша, мұндай жүйе халықтың денсаулығын жақсартуға оң әсер етіп жатыр екен.

– Биыл бұл адам ауырмаса, онда жылына орта есеппен түсетін 100 мың теңгенің 50 мың теңгесін оған қайтару қарастырылмаған. Себебі келер жылы оған 1 млн теңгенің медициналық көмегі қажет болып қалуы мүмкін ғой. Сондықтан бұл көмек барлығына бірдей қолжетімді болуы үшін қаражат қайтарылмайды. Негізі бұл жүйе бастапқыда «дені сау адамдар науқастар үшін, байлар кедейлер үшін төлейтін ынтымақты жүйе» ретінде құрылған, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Новости партнеров