Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Жедел медицина қызметінің және күзгі маусымға дайындық жұмысымен танысты

29.08.2020 22:08

Жұмыс тобы Covid-19 жағдайында көмек көрсетуді ұйымдастыру алгоритмінің орындалуымен танысты

Almaty.tv

Ержан Бабақұмаров  Алматының пандемияның жаңа толқыны болған жағдайда Жедел медициналық қызметтің жұмыс жоспарымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының басшысы Камалжан Надыровпен бірге қалалық Жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысты. Басты міндеті-коронавирус инфекциясы пандемиясының болуы мүмкін жаңа толқынына дайындықты тексеру.

Жұмыс тобы Covid-19 жағдайында көмек көрсетуді ұйымдастыру алгоритмінің орындалуымен танысты. Жекелей алғанда, коронавирус инфекциясына күдікті науқасқа бағыт беру, ауруханаға жатқызу ережелерін сақтау, шақыртуларды жедел өңдеуді қамтамасыз ету, дезинфекция жүргізу және т. б.

«Қазіргі уақытта 11 қосалқы станцияда 180 бригада, 3 мыңнан астам қызметкер – дәрігерлер, фельлшерлер және жүргізушілер қызмет етуде.Барлық мамандар жеке қорғаныс құралдарының жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етілген.Коронавирус инфекциясының жаңа толқыны болатын болса,біз 103 желілерін 30-дан 50-ге дейін, қоңырауларды қабылдайтын фельдшерлер санын12-ден 22-ге дейін, ал бригадалар санын 220-ға дейін көбейтеміз», деді  Алматы қалалық жедел медициналық көмек қызметінің Бас дәрігері Біржан Оспанов.


Сонымен бірге, Covid-19 ауруы өршіген кезде жедел медициналық қызметтің әрекетінің Алгоритмі жасалды. Әрекет ету жоспары, үш маңызды сценарий бар, сол бойынша медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясы жағдайына қарай әрекет ететін болады. Барлық медицина қызметкерлері тиісті оқудан өтті.

Жедел  медицина көліктерін  салқын буландыру генераторы тәсілімен дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінуде.

Қала тұрғындарына кеңес беру үшін 3000-505 нөмірі бойынша арнайы Call-орталық жұмыс істейді. Қосымша  линия  103 желісінің жұмысын  жеңілдетпей,  шұғыл  қоңырауларға  дер  кезінде жауап  беруге  мүмкіндік  береді. ЖМКҚ мәліметтері бойынша,КВИ бойынша шақыртулардың азайғаны байқалады.

Алматы қаласы  әкімінің  орынбасары  Ержан  Бабақұмаров Жедел  медициналық көмек қызметінің ұжымына  пандемиямен  күресте  күнделікті  қосып  жүрген үлесіне  алғыс  айтты.  ЖМКҚ   басшылығына қала  халқының  денсаулығы мен   өмірін  қорғау  жоспарын  жүзеге  асыру  аясында  белгіленген  санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік  талаптарын  ерекше  бақылауда  ұстау  тапсырылды.