|
22.07.2020 | 17:11
5091

Алматыда 1,5 мың медицина қызметкерінен кадр резерві жасақталды

Қазір дәрігерлерді, орта және кіші медицина қызметкерлерін қоса алғанда, 4 464 қызметкер коронавирусқа қарсы тынбай жұмыс істеуде

Алматыда 1,5 мың медицина қызметкерінен кадр резерві жасақталды

Алматыда 1,5 мың медицина қызметкерінен тұратын кадр резерві жасақталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазір дәрігерлерді, орта және кіші медицина қызметкерлерін қоса алғанда, 4 464 қызметкер коронавирусқа қарсы тынбай жұмыс істеуде. 

«Біз 1 526 қызметкерден кадр резервін қалыптастырдық, оның ішінде дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкері бар. Бірақ, қосымша төсек-орын ашу арқылы біз қолда бар резервті тұрақты түрде жұмылдыруға мәжбүрміз. Қалада кадр резервін жасағанымызға қарамастан, терапевт, пульмонолог, анестезиолог, реаниматолог және инфекционист сияқты мамандар тапшылығы байқалады. Осыған байланысты біз стационарда жұмыс істеу үшін медицина қызметкерлерін қабылдауды жалғастырамыз. Төлем және жұмыс шарттары туралы консультацияны +7 (702) 633-01-68 телефоны арқылы алуға болады»,– деді Камалжан Надыров.

Медицина қызметкерлері үшін біліктілік арттыру онлайн-курстары ұдайы өткізіліп тұрады. 

Коронавируспен күреске жұмылдырылған барлық медицина қызметкерлері арнайы оқытудан өткен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир