Маусым айынан бастап дәрі бағасы барлық жерде бірдей болады

08.04.2019 22:13

иллюстративное фото

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы реттелетін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Ертең, 9 сәуірде  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің барлық дәрі-дәрмектерге бағана реттеу құзіретін беретін ҚР Заңының нормасы күшіне енетіндігін айтқым келеді. Бүгінге «Атамекен» ҰКП және бейінді қауымдастықтармен, нарықпен келісілген көтерме әрі бөлшек үстеме бағалардың икемді регрессивті жүйесі әзірленді. Ереже бекітілу үшін Әділет министрлігінде жатыр. Ереке жарық көргеннен кейін  шекті көтерме және бөлшек баға  бекіту жұмыстары жүргізіліп, министрліктің бұйрығымен бекітілетін болады», - деді комитет төрайымы.

Оның айтуынша, болжаммен мамыр айында дәрі-дәрмектердің бағасы бекітіліп, ҚР Денсаулық сақтау, министрлігінің, Фармация комитетінің, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.


«Маусым айынан бастап дәрі-дәрмектерді бөлшек саудалайтын нысандардағы бағаның барлық жерде бірдей болатындығын көретін боламыз», - деді Л.Бұйрабекова.  


Теги: аптеки