Ол бассейнде ес-түссіз күйде жатқан жерінен табылған
Ол қазір елордадағы Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығының жан сақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді. Алайда дәрігерлер оның жағдайын әлі де ауыр деп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақстандық бала бассейнде ес-түссіз күйде табылған болатын. Жергілікті дәрігерлер жүрек қызметін қалпына келтіре алғанмен, сәби комаға түскен. Бірнеше күннен кейін баланың әкесі отанына жеткізу туралы өтінішпен Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне жүгінген. Дәрігерлер нәрестенің жағдайын бағалап, оны санитарлық авиациямен ұшағымен елге жеткізді.