Лаборатория 17 вирустың қай вирусын қай екенін 95 пайыз дәл айтады
Енді ісік ауруын анықтау үшін науқастар шетелге сабылма-ақ қойса болады. Алматыда Оңтүстік-корей елінің технологиясымен жұмыс істейтін лаборатория ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тың технологиямен жұмыс істейтін зертханада дертті адам ағзасынан дер кезінде табуға барлық мүмкіндік бар. Заманауи аппараттарды орнатудағы мақсат – сапалы диагностика жасап, пациенттердің уақытында ем алуына жағдай жасау,– дейді бастамашылар.
«Бұл – онкологиялық ісік аурулардың ерте ісік шықпай тұрғанда анықтайтын технология. Мысалы инфекция, 17 вирустың қай вирусын қай екенін 95 пайыз дәл айтады. Суықтап қалған жағдайда, ішкі құрылыс ифекциясын да көрсетеді. Міне, сондай соңғы көптеген технологиямен істейтін техникалар бар», – деді зертхана директоры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ.