Елжан Біртанов науқасты ауруханаға жатқызудағы былықтарды айтты

bolkazcr.kz
bolkazcr.kz
Аталған жүйе бойынша науқастарды қабылдау бөлмесі халықаралық стандарттарға сәйкес 3 аймаққа бөлінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов науқасты ауруханаға жатқызудағы былықтарды ашық айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тағы бір проблемалы мәселе - бұл стационарға түскен кезде халық тарапынан  туындайтын шағымдар. Қарап шықтық, негізгі шағымдарды шұғыл, жоспардан тыс жағдайлар құрап отыр. Яғни, дөрекілеу айтсақ, бейберекеттік. Адамды қабылдау бөлмесіне алып келгеннен кейін барлығы да түсініксіз, дәлізде ұзақ күтеді, арбада жатады. Оларға ешкім қарамайды», - деді министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Осы ретте Е.Біртанов өткен жылдан бастап шұғыл көмек көрсетудің жаңа стандартына сәйкес 3Н-жүйесі енгізіліп жатқанын айтты. Аталған жүйе бойынша науқастарды қабылдау бөлмесі халықаралық стандарттарға сәйкес 3 аймаққа бөлінеді.

«Сонымен қатар қабылдау бөлмесінде шұғыл көмек көрсететін дәрігер енгіземіз. Бұл кез келген төтенше жағдайда  барлық қажетті шұғыл көмекті таяу орналасқан стационарда көрсетуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Министр еліміздің бірқатар өңірінде денсаулық сақтау басқармалары ауруханаға жатқызу тәртібі туралы заңсыз бұйрық шығарып отырғандығына назар аударды. Оның айтуынша, аталған бұйрыққа сәйкес әр күндері түрлі клиника науқастарды қабылдайды.

«Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетіне тексеру жүргізуді, мұндай заңсыз бұйрықтар анықталған жағдайда ондай фактілерді Бас прокуратураға беруді тапсырамын. Стандартқа сәйкес шұғыл көмек таяу орналасқан көпбейінді ауруханада көрсетілуі тиіс», - деді Е.Біртанов.


Новости партнеров