|
23.04.2020 | 17:37
1305

Дәрігерлерге тиесілі үстемеақы төлеу кезінде қателік жіберілген

Эпидемиологиямен күреске жұмылдырылған медицина мамандарына 35,7 млрд. теңге бөлінген

Дәрігерлерге тиесілі үстемеақы төлеу кезінде қателік жіберілген © Sputnik / Абзал Калиев

Короновируспен күресіп жатқан дәрігерлердің еңбекақыларына қосымша тағайындалған үстемақы дұрыс есептелмеген жағдайлар анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.


Ол туралы Орталық коммуникациялар қызметінде бүгін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді. Оның сөзінше аймақтық комиссия тәуекел тобы мен айлық жұмыс уақытын ұлғайтып көрсеткен. Нәтижесінде кейбір медициналық қызметкердің қосымша төлем көлемі азайтылса, енді біріне артық есептелген.

«Параклиникалық бөлімдердің қызметкерлеріне қосымша төлемақы есептелмеген. Ақпараттық жүйеде болмаған қызметкерлерге төлемдер жүргізілген. Қордың тексеріс қортындысы бойынша артығымен төленген жағдайлар анықталды. Бұл мәліметтер комиссияға жіберілді. Егер толық төленбеген жағдайлар болса, дұрыс есептеуге кеңес бердік. Ал, егер артық төленген жағдайлар болса, қайтару міндеттелді», – деді  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр ЖҰМАҒҰЛОВ.

Айта кетейік, эпидемиологиямен күреске жұмылдырылған медицина мамандарына 35,7 млрд. теңге бөлінген болатын. Бүгінгі күні 17 жарым мың медициналық қызметкер қосымша үстемақы алған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир