Жамбылдық ақ халаттылар бауырдағы 6 келі қатерлі ісікті алып тастады

Almaty.tv
Almaty.tv
Күрделі ота 5 сағатқа созылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбылдық ақ халаттылар науқастан салмағы 6 келі болатын қатерлі ісікті алып тастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәрігерлер «тұрғын сәл кешіккенде аман алып қалу мүмкін болмас еді» дейді. Күрделі ота 5 сағатқа созылған. Бауырдың 90 пайызына жайылып үлгерген ісікті көрген хирургтардың өзі аң-таң. Себебі ісік көлемі 35 сантиметрге жеткен. Соның салдарынан меркілік 62 жастағы тұрғынның іші ісіп, жүруі қиындап, дем ала алмайтын жағдайға жеткен. Науқас дертін тұмау деп ойлап жүре берген. Жедел жәрдеммен ақ халаттылардың алдына келгенде, өміріне қауіп төнгенін аңғарған. Дегенмен мамандар заманауи құрылғылардың көмегімен бауырдан ісікті қан шығармай алып шықты. Қазір тұрғынның жағдайы жақсы.

– Ота жасалды, 3 күннен кейін аяққа тұрдым. Қорықтым, қан қысымы көтерілді. «Аман қаламын ба?» деген ой да мазалады, – деді Меркі ауданының тұрғыны Гүлнәр Бақбергенова.

– Ота сәтті өтті. Ешқандай метастаз жоқ, химия алмайды. Науқас таргеттік терапия алды, – деді Көпбейінді онкология және хирургия орталығының бөлім меңгерушісі Ерасыл Арапов.  

Оқи отырыңыз: Артық салмақ: халықтың 41 пайызы семіздікке шалдыққан

Новости партнеров