«Біз – денсаулықты таңдаймыз» акциясы 7 маусымда өтеді
Өскемен қаласының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ШҚО Денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.
«Біз – денсаулықты таңдаймыз» акциясы 7 маусымда сағат 15.00-17.00 аралығында «Дос-нар» базарының алаңында өтеді. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы концерттік нөмірлер мен түрлі лотереялар ойнатылады», - делінген хабарламада.
Шара барысында терапевт және педиатр мамандары тұрғындарға тегін кеңес береді. Сондай-ақ, өскемендіктерге қан қысымын өлшетіп, қандағы қант пен холестерин мөлшерін тексеруге мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар, тұрғындар үшін аталған аумақта флюромашина қызмет көрсетеді.