Нағыз сенсация: бір мезетте үш ота қатар жүргізілді

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Жарты жыл жүрмеген адам аяғынан тік тұрды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Орталық қалалық клиникалық  ауруханасында нағыз сенсация болды. Қазақстандық дәрігерлердің кәсіби біліктілігі жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, бір мезетте үш отаны қатар жүргізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

44 жастағы ер адам оң жақ жамбастың артқы шығуы, оң жақ сан сүйегі басының асептикалық некрозы, оң жақ тізе буынының бүгу контрактурасы секілді диагнозбен жеткізілген. Ол соңғы 6 айда тұра алмай үйінде жатқан. 

Жағдайы ауыр науқасқа білікті травматолог-ортопедтер: Қанат Тәуекелов, Арман Абдуразаков, Руслан Токушев және анестезиологтар командасы өте жауапты ота жасады. 

Клиникалық тексерістен кейін бір уақытта үш бірдей ота жасау туралы шешім қабылданды.

Бірінші кезеңде ұршық ойығының артқы қабатындағы ақауды ескере отырып, дәрігерлер оң жақ жамбас буынына алғашқы-ревизиялық эндопротездеу жасады. Екінші кезеңде тізе буынының қалыпты бүгілуін  қамтамасыз ету үшін тізе буынының иілгіш байламдарын кесіп, соңғы үшінші отаны тізеге жасады. Буынының бірте-бірте созылуына арналған Илизаров аппаратын орнатты. 

Кіші жіліктік жүйке нейропатиясы және компартмент-синдромы сияқты қауіпті асқынуларға байланысты дәрігерлер отадан кейінгі кезеңде тізе буынының біртіндеп кеңеюін қамтамасыз ете отырып, отаны сәтті орындап шықты.

Компартмент-синдромы - микроциркуляцияның бұзылуына және соның салдарынан тіндердің некрозына әкелетін субфасциалды кеңістікте қанның жиналуына байланысты субфасциалды қысымның жоғарылауымен сипатталатын трансрадиалды қол жеткізудің өте сирек кездесетін асқынуы.

- Илизаров топсалы аппараты көмегімен түзету күн сайын жүргізілді. Осылайша, оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкін болды. Алты ай ішінде жүйке жүйесі мен қан тамыры икемділігін жоғалтқан. Ота асқынусыз өтіп, сәтті аяқталды. Аппарат бір айға жуық науқаста болды, содан кейін тізе буынын асқынусыз түзету мүмкіндігі пайда болды. Илизаров аппаратын алып тастағаннан кейін екі апта бойы гипс лангетасы қолданылды. Барлығы да жағдайдан аз асқынумен шығуға мүмкіндік берді, - дейді Қанат Тәуекелов.

Осылайша медицина қызметкерлерінің бірлескен жұмысы мен заманауи технологиялардың көмегімен науқас күрделі жарақат пен зардапты сәтті жеңіп, белсенді өмір сүру мүмкіндігіне ие болды.

Оқи отырыңыз: Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қыздарға не үшін салынады

Новости партнеров