Ол менталды ауытқуы бар балаларды оңалтуға арналады
Менталды ауытқуы бар және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оңалту үшін Алматыда сенсорлық интеграция кабинеті ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Психомоторлық дамуы тежелген балаларды оңалтудың жеке тәсіліне сұраныстың артуына байланысты Алматыда Қалалық балаларды оңалту орталығының базасында сенсорлық интеграция кабинеті ашылды.
Бұл қадам балаларының дамуына байланысты қиындықтарға тап болған отбасылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, сонымен қатар мұндай мәселелерді шешуге интеграцияланған тәсілдің маңыздылығы мойындалады.
Сенсорлық интеграция кабинеті - бұл психомоторлық дамуы тежелген балаларды кешенді емдеу мен қолдауға арналған. Ол ерекше қажеттіліктері бар балаларда моториканың дамуын, қозғалысты үйлестіруді және қабылдау мен ойлаудың когнитивті дағдыларын ынталандыру үшін сенсорлық терапия қағидаттарын қолданатын заманауи әдістерге негізделген. Сонымен қатар, балаларға қоршаған ортаның сенсорлық сигналдарын қабылдауды дамытуға көмектеседі. Олардың әртүрлі ынталандыруға жауап беру және кеңістікте бағытын айқындай білу қабілетін жақсартады.
Аутизм диагнозы, даун синдромы, зейін тапшылығының синдромы, гипербелсенділігінің бұзылуы диагнозы қойылған, психо-сөйлеу дамуының кешігуі бар балалар мұндай емдік тәсіл аса маңызды.
Алматыда сенсорлық интеграция кабинетінің ашылуы балаларды оңалту саласында емдеуге қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді және баланың дамуындағы проблемаларына уақтылы және кешенді көмектің керектігін байқатады.
– Емдеу барысында жүйке жүйесі барлық анализаторлардан - есту, көру, вестибулярлық, дәм сезу, сондай-ақ жанасу және проприоцепция рецепторларынан сигналдар алынады. Алынған сенсорлық ақпаратты өңдеп, баланың бойындағы аурудың деңгейі анықталады. Егер сенсорлық сигналдарды өңдеудің бұзылуы анықталса, моторикадағы, танымдық дамудағы және мінез-құлықтағы қызметтердің де бұзылыстарына әкеледі. Сондықтан сенсорлық интеграция әдістерін педагогтармен бірге ақылдасып, білім берудің құрамдас бөлігі ретінде қосу қажет. Сенсориканы дамыту арқылы бала әлемді тану механизмін меңгереді. Сондықтан сенсорлық қабылдауды ынталандыру аса маңызды. Біз Алматы қаласының Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының педагогтары үшін балаларды түзетуде сенсорлық интеграциялық терапияны қолдану бойынша шеберлік сабағын өткіздік, - дейді орталық директоры Эльвира Роот.
Мұндай іс-шара менталдық бұзушылығы бар және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға күнделікті өмірге жақсы бейімделуге және өзінің дербестігін арттыруға көмектеседі.
Бұл оқиға балаларға жеке және сапалы оңалту көмегіне қол жеткізудің маңыздылығын көрсетеді, сондай-ақ олардың дамуына және қоғамға барынша үйлесуіне ықпал етеді.
Оқи отырыңыз: Қызылша: СҚО-да 200 жағдай тіркелді