Сенбі күні қалалық онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

Сенбі күні қалалық онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді
Осы жағдайға байланысты Онкологиялық орталық барлық әйелді арнайы маманның тексеруінен өтуге шақырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күні аясында Алматы Онкологиялық орталығы 2022 жылдың 1 қазанынан бастап және әр сенбі сайын (1,8,15,22,29) сүт безі обырын ерте анықтау үшін Ашық есік күндерін өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы жағдайға байланысты Онкологиялық орталық барлық әйелді арнайы маманның тексеруінен өтуге шақырады.

Онкологиялық орталықтың клиникалық-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Наила Ақжолованың айтуынша, әлемде сүт безі қатерлі ісігі әйелдер арасында кең таралған онкологиялық аурулардың бірі болып саналады.

Стресстік жағдайлар, дұрыс тамақтанбау, жаман әдеттер, тұқым қуалайтын бейімділік қатерлі ісік қаупін арттырады. Дәрігер сүт безі қатерлі ісігінің таралуын әйелдердің өмір салты өзгергендігімен, атап айтқанда, бала туудың төмендеуімен, ана сүтімен емізу жиілігінің төмендеуімен байланыстырады.

«Қатерлі ісік ауруының даму қаупін экология, гормоналды факторлар, стресстік жағдайлар, иондаушы сәулелену, зиянды тамақтану, алкогольді тұтыну сияқты факторлар арттырады», – деп түсіндірді маман.

Статистикаға сәйкес, жыл сайын қалада сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын 700-ге жуық әйел анықталады, яғни, қалада күн сайын 2-ші әйел осы патологиямен ауырады.

Қатерлі ісікті ерте анықтау үшін төмендегі жағдайларды ескерген жөн:

- сүт безіне тұрақты түрде тексерілу;

- емханадан жылына маммологтан профилактикалық тексеру;

- 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерге 2 жылда 1 рет маммографиядан өту.

«Ерте қатерлі ісік диагнозын анықтау арқылы ауруды толық емдеуге мүмкіндік беретінін естеріңізге саламыз. Уақтылы басталған емдеу – сіздің сұлулығыңызды, денсаулығыңызды ғана емес, өміріңізді де сақтаудың кепілі!» – делінген хабарламада.

Новости партнеров