|
28.04.2023 | 18:03
2095

Донор күні: алматылық дәрігерлер 30 литр қан тапсырды

Қалалық қан орталығы қызметкерлері біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесетініне сенімді

Донор күні: алматылық дәрігерлер 30 литр қан тапсырды Almaty.tv.

Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында кезекті Донор күні науқаны өтті. Қалалық қан орталығымен бірлесіп ұйымдастырылатын мұндай акция ауруханада жыл сайын өткізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас дәрігер Алмаз Джувашев бастаған аурухана ұжымы бастаманы қолдап, донор атанды. Дәрігерлер мен медицина мамандары басқалардың өмірін сақтап қалу үшін үнемі қан тапсырудың маңызын түсінеді. Сонымен қатар, донордың денсаулығын сақтауға, иммунитетті арттыруға және қанның жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Донор күні науқаны – қанға мұқтаж жандарға көмектесу ғана емес, сонымен қатар әрқайсымыздың денсаулығымызды тексеру мүмкіндігі.

Қалалық қан орталығы қызметкерлерінің айтуынша, әрбір донор өз қанының босқа кетпейтініне және біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесетініне сенімді бола алады.

2022 жылдың қазанында аурухананың 45 қызметкері 22 литр қан тапсырса, бүгінгі науқанға 66 адам қатысты. Акцияға қатысушылардың қатарында бұған дейін де бірнеше рет қан тапсырған қызметкерлер мен алғаш рет қолға алған донорлар да бар. Аурухана қызметкерлері бүгін барлығы 30 литр қан тапсырды.

Аурухана әкімшілігі қалалық қан орталығына аурухана қызметкерлеріне ешқайда шықпай, жұмыс орнында қан тапсыруға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіреді.

Аурухананың бас дәрігері Алмаз Джувашев ҚЖШККА қызметкерлері күнделікті жұмыста ғана емес, мұқтаж жандарға қан тапсыру сияқты игі істерде де ұйымшылдық танытқанын атап өтіп, шараға атсалысқан әріптестеріне алғыс білдірді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир