Жігерлі болыңыз, қатерлі ісікпен өмір сүруге болады - Әлия Мұхтарқызы

Shutterstock.com
Shutterstock.com
12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні
Жаңалықтармен бөлісіңіз

12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәуренова Әлия Мұхтарқызы – Алматы қалалық онкологиялық орталығының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің аға медбикесі.

Оқуын аяқтап Әлия бірден орталыққа жұмысқа орналасты. Мұнда істегеніне, міне, 15 жыл болды. Мұнда пациенттер оның күтіміне және «біз әлі де күресеміз!» деп жігер беріп тұруына мұқтаж.

– Менің әкем ауырып дүниеден өтті, 2022 жылы анам да жатыр мойны обырынан қайтыс болды. Әкем қайтыс болғаннан кейін мен медицинада, атап айтсақ, онкология саласында жұмыс істеуге бел будым. Маған науқастармен сөйлесу, оларға көмектесу ұнайды. Мен өз жұмысымды, пациенттерімді, қызметкерлерімді шынымен жақсы көремін. Науқастармен сөйлескен сайын олардың көзінен ауру, қасірет, қорқынышты көремін. Бұл маған таныс, өйткені, мен бұны ата-анамның көзінен көрдім. Мен әрбір науқастың көзіндегі ұшқынды жандырғым келеді! – дейді Әлия Мұхтарқызы.

Оның жұмыс істейтін жансақтау бөлімшесі жұмыстың көптігіне қарамастан сағат тілі сияқты тоқтамайды. Басқаша болуы мүмкін емес те, өйткені мұндағы асқынулардың ауқымы өте кең: құсу, диарея, жоғары температура, бронх түйілуіне дейінгі аллергиялық реакциялардың барлық түрі, жүрек ырғағының бұзылуы, себебі химиотерапиялық препараттар кардиотоксикалық әсерге ие. Есте сақтау және сананың бұзылуымен энцефалопатия және т.т.

Медбикенің міндеті құрылғылардың көрсеткіштерін бақылау. Атап айтқанда, өкпені жасанды желдету құрылғылары, гемодинамикалық параметрлерді - науқастың тыныс алу жиілігін, пульсті, жүрек соғу жиілігін, қан қысымын бақылайтын құрылғылар. Мұндағы көрсеткіштерді, мониторлардағы жыпылықтайтын сандарды медбике кітап сияқты оқиды. Әрі осы көрсеткіштердің өзгеруіне бірден жауап беруі керек. Бұл таблеткалар мен тамшыларды есептемегеннің өзінде. Сондай-ақ науқасқа адами қолдау көрсетуі керек, әрқайсына лайықты сөз таба білуі керек.

– Отадан кейін адамдардың көпшілігі қатты күйзеліске ұшырайды. Кейбір адамдар бұдан оңай өтеді, ал басқалары үмітін үзеді, ашуланады, медициналық қызметкерлер мен палатадағы басқа пациенттерге ренжиді. Мен олармен сөйлесуге тырысамын, науқаста жиналғанның бәрін тыңдаймын. Жігерлендіруге тырысамын, өйткені бүгінде қатерлі ісікпен өмір сүруге болады. "Ең бастысы сауығып кетемін деп сеніңіз, бізге сеніңіз!" деймін пациенттеріме, – дейді Әлия Мұхтарқызы.

Кейіпкеріміз жансақтау бөліміне дейін хирургия бөлімінде жұмыс істеген. 15 жылда қорқынышты аурудың барлық түрін көрді: химиотерапиядан кейінгі сұр-жасыл науқастар, шашы жоқ әйелдер. Қаза болғандар да болды.

– Мен үнемі байланыста болуым керек. Кезекші дәрігер бізде белгілі бір  антибиотиктің бар-жоғын сұрап хабарласуы мүмкін. Медбикелердің бірі ауырып қалса, кезекшілік кестесін қайта құру керек,– деді кейіпкер.

Сөз соңында Әлия Мұхтарқызы өз ұжымын мерекемен құттықтап, өздерін нағыз кәсіпқой ұжым екенін атап өтті.

Новости партнеров