ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығына 90 жылдығына форум өтті

ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығына 90 жылдығына форум өтті
Медицинаның перспективалары талқыланған форум жұмысы екі күнге созылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда медициналық қызмет көрсету сапасы жоспарлы түрде дами түседі. «Денсаулық сақтаудағы инновация - 2019» IV Халықаралық ғылыми форумына қатысқан Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Шарада медицинаның даму келешегі талқыланды. Форум Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының 90 жылдығы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала әкімі «Совминка» ретінде танылған Орталық клиникалық аурухана тәжірибесінің, медициналық қызметтің сапасын жоспарлы түрде арттыру мақсатында Алматының барлық медициналық мекемелеріне таратылатынын атап өтті.

«Бүгінгі күні Орталық клиникалық аурухана заманауи медициналық орталық, мұнда отандық медицинаны дамытушы және озық емдеу-диагностикалық тәжірибені енгізуші үздік дәрігерлер қызмет етеді. Дәрігерлердің кәсіби біліктілік деңгейі тұрақты артатын болады, олардың дұрыс жұмыс жасауы үшін біз барлық жағдайларды жасаймыз. Айта кетерлігі,алдағы үш жыл ішінде ауруханалар мен емханалардың жабдықталу деңгейін 90%-ға дейін жеткіземіз», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

«1929 жылы Қызылорда қаласынан Алматы қаласына сол кездегі Совнарком дейді, яғни, Қазақстан АСССР-і халық кеңесінің Алматыға көшуіне байланысты осындай кішкентай амбулатория ашылған. Ол қазіргі мына халықтың арасында айтатын Совминка дейді сол жерде амбулатория ашылған. 1933 жылы сол амбулатория кішкентай аурухана болып кеңіді. Содан міне бүгінгідей үлкен дәрежеге жетті», - деді медицина ғылымдарының докторы, профессор Ертай СӘРСЕНБЕКОВ.

Медицинаның перспективалары талқыланған форум жұмысы екі күнге созылады. Осы аралықта медицина саласындағы сан сауал көтеріледі деп күтілуде.

Новости партнеров