|
05.12.2022 | 18:36
3154

Абзал Малбасқанов: Коронавирус - әрқашан мутацияға ұшырап отыратын вирус

Вирус ошағы - сауда орындары мен қоғамдық көліктер

Абзал Малбасқанов: Коронавирус - әрқашан мутацияға ұшырап отыратын вирус Almaty.tv

Коронавирусты жұқтыру көрсеткіші Алматыда соңғы аптада 1,2 пайызға өскен. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Вирус ошағы - сауда орындары мен қоғамдық көліктер. Ауру жұқтырғандардың көпшілігі 20 мен 39 жас аралығындағы тұрғындар. Ал балалар мен жасөспірімдер арасында вирус жұқтыру деңгейі әлдеқайда төмен.

«Қазіргі кезде ЖРВИ-жедел респираторлық вирустық инфекция. Бірақ оның астында неше түрлі вирустар жатуы мүмкін. Ия бұрын не суық тиді6 не көз тиді деп жатады.  Суық тиген кезде тұмаураттық деп, сорпа ішіп жазылып кететін. Қазіргі кезде байқасаңыз айналамыздағы көп адамдар осы ЖРВИ-мен ауырып жатыр. Одан тез жазыла қоймайды. Ресей немесе Қытай мемлекетінде де байқалып жатыр. Көп жағдайда ковид, себебі, ПТР сынамаларының көбі оң нәтиже көрсетуде. Қазір бізде шектеулер әлі алынып тасталған жоқ. Бірақ эпидемия деген белгілі бір мемлекетте немесе бір жерді мекенде болып жатқан жағдай. Сол себептен Қазақстанды қарайтын болсақ, осыдан 5 күн бұрын бір Алматының өзінде 76 адам анықталса, 5 күн өте 142 ковид анықталды. Бұл дегеніміз ковид өсімінің жоғарылап жатқанын көрсетеді. Ия, ковид бұрыңғы ЖРВИ-дің орнын басып жатыр деп айтсақ, қате емес. Себебі коронавирустың вируленттілігі жоғарылау, жұқпалылығы өте жоғары ауру болған соң бұрыңғы тқмауды ысырып тастады десек те болады. Сол себепті эпидемиялық жағдай өршіп келе жатыр», – деді пульмонолог Абзал Малбасқанов.

Тұмау 10 адамның 2-3 ғана жұғатын болса, цербер жұқпалылығы өте жоғары

«Қазір енді коронавирус деп айтып қалған соң, бұл коронавирустың ерекшелігі әрқашан мутацияға ұшырап отырған вирус. Тұрақтылығы жоқ. 2022 жылы ақпан айында Омикрон деген штамм шықты. Сол мутацияға ұшырап, оның Цербер деген жаға түрі пайда болды. Оның ерекшелігі вируленттілігі жоғары, тез жұғады. Мысалға айтатын болсақ, 1 бөлмеде 10 адам тұратын болса, соның барылығына жұғуы мүмкін. Бұрыңғы тұмау 10 адамның 2-3 ғана жұғатын болса, цербер жұқпалылығы өте жоғары. Бірақ, қуантарлығы ол жеңіл түрде өтеді. Жүрек, өкпе созылмалы ауруы бар адам үшін жеңіл болмайды. Оның белгілеріне тамақтан ауруы, мұрыннан су ағу, дене қызуының жоғарылауы 37,5-тен – 38,5-ке дейін, кей кезде 39-ға жетіп жатады. Өзіңіз жазылып шығуыңыз мүмкін. Бірақ 2-3 күнде жоғалып кете қоймайды. Өкпеде бронхоспазмдар болады, ауаның өтуі қиындап, тынысыңыз тарылып жүреді. Кейін асқынулары күрделі болуы мүмкін. Сол себепті дәрігерге қаралған дұрыс болады», – деді  Абзал Малбасқанов.  





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир