Медициналық орталықтардың жұмысы ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейтуге бағытталады
«Самұрық-Қазынаның» ішкі резервтерінен ірі мегаполистерде – Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі медициналық орталықтың құрылысына қаражат бөлінеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорды басқару жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовке осындай тапсырма берді.
Медициналық орталықтардың жұмысы ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейтуге бағытталады. Бұл қадам келер ұрпақты ықтимал қатерлерден сақтап қалуға мүмкіндік береді, деді Елбасы. Үкімет пен әкімдер бұл бастаманы қолдайтынына сенім білдірді.