Қазақстанда вакциналар құрамы туралы арнайы сайт ашылуы мүмкін

16.06.2020 23:39

Қоғам белсенділері Ақпарат және қоғамдық даму министріне ұсыныс жасады

Almaty.tv

Елімізде вакциналардың құрамы жайлы толыққанды ақпарат қамтылған үкіметтік сайт құрылуы мүмкін. Мұндай ұсынысты міндетті екпені енгізудің мүмкіндіктерін онлайн талқылау барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы Горький атындағы театр актрисасы Светлана Фортуна жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айтуынша, ата-аналар вакцинадан кейінгі асқынуларды өздігінен зерттеп, уақытын жоғалтады.  

«Үлкен қызымның вакцинациядан кейін жағдайы нашарлады. Неліктен мемлекет екпелердің құрамы жайлы хабардар етпейді? Үкіметтік сайт құру қажеттігін алға тартамыз. Онда вакциналарға қатысты барлық түсініктемелер, ықтимал асқыну жағдайлары, екпенің тиімділігіне байланысты зерттеулер қамтылуы тиіс», - деді М. Горький атындағы театр актрисасы Светлана ФОРТУНА.

Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева екпе жасаудың өзектілігі оның сапасын заңнамалық деңгейде бекіту тұрғысынан маңызды болып тұрғанын айтады. Ол вакцинацияға қарсы пікір-пайымдарды да елемеуге болмайтынын жеткізді.   

«Біз бұл тақырыпты тек өзекті болғаны үшін ғана емес, сонымен бірге әрбір азаматқа аталған шаралардың заңнамалық деңгейде бекіту қажеттігін түсіндіру және жеткізу тұрғысында барынша маңыздылығына орай таңдап алғанымызды ерекше атап өту керек. Вакцинация маңыздылығын, әсіресе, дәп қазіргі бүкіл әлем коронавирус індетімен күресіп жатқан кезде қайта бағалау барынша күрделі екендігі сөзсіз. Бұған қоса, вакцина әзірлеудің оң нәтижелерін тағытсыздана күтіп отырмыз», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида БАЛАЕВА.