Тұмаудың алдын алудың тиімді жолы қандай

informburo.kz
informburo.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазан айында өршитін жұқпалы респираторлық вирус биыл ерте басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазіргі болып жатқан ауру – тұмау вирусы. Ол суықты жақсы көретін вирус болғандықтан қазір күздің келуімен күн суыта бастады. Сол себепті тұмау да белсенділік ала бастады. Аллергия кейбір адамдарда болуы мүмкін. Тұмау вирусының белгілеріне келетін болсақ ол ең бастысы мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, шаршау, дене буындарының ауыруы, жөтел, дене қызуының көтерілуі, тәбеттің төмендеуі көрінеді. Ал коронавирустық инфекция кезінде дәм, иіс мүлде сезілмей қалады. Тұмау вирусында ондай белгілер жоқ. Коронавирус эпидемиясы бар, бірақ өте аз. Тәулігіне 2-3 адам ғана жұқтырып отыр», – деді Алматы қалалық №9 емхананың эпидемиологы Сымбат Бигелдиева.

Енді вирусты жұқтырып алмау үшін халыққа қандай кеңес айтар едіңіз. Қалай сақтанамыз?

«Жалпы қорғану шараларына келетін болсақ бастысы иммунитетті арттыру керек.  Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, қоғамдық жерде бетперде тағып жүрген дұрыс. Бастысы – вирусқа қарсы екпе алу. Тарихқа үңілсек те қанша жылдан бері инфекциялық аурулардың алдын алу жолы екпе болып отыр», – деді  Сымбат Бигелдиева.



Новости партнеров