Тоқаев: Пандемияны еңсеру үшін фармацевтика саласында бірлескен жоба қажет

pharmprom.com
pharmprom.com
Президент Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында ірі және өзекті инвестициялық жобалар тапшылығы барын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Пандемияны еңсеру үшін фармацевтика саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруы қажет. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  


Мемлекет басшысы пандемия кезінде Қарағанды қаласындағы зауытта Ресейдің «Спутник V» вакцинасын өндіру жобасын интеграциялық ынтымақтастықтың ерекше үлгісі деп санайтынын баса айтты.  

«Пандемиямен күрестегі айтарлықтай табыстарға қарамастан елдер әлі де күрделі жағдайда тұр. Коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуына және азаматтардың вакцинациялануының жеткіліксіздігіне байланысты айтарлықтай тәуекел сақталып отыр. Өздеріңізде білетіндей, Қазақстан Ресей Федерациясымен қатар өзінің QazVac вакцинасын әзірлей алды. Ол қазіргі уақытта Қазақстанда белсенді түрде қолданылып жатыр. Бүгінде оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу процесі жүріп жатыр», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында ірі және өзекті инвестициялық жобалар тапшылығы барын айтты.   

«Елдеріміз 2025 жылға дейінгі өнеркәсіп ынтымақтастығының бағдарламалық бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын мақұлдаған. Бұл бағытта Ресей Федерациясымен жүйелі ынтымақтастығымыз бар.Тек соңғы 2 жылдың ішінде ғана бірқатар ірі өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылды. Ірі және өзекті инвестициялық жобалар тапшылығы бар. Үкіметтерге интеграциялық өзара іс-қимылдың осы векторын күшейту туралы тапсырма беру дұрыс болады деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Новости партнеров