Бүгін – дүниежүзілік жүрек күні. Осыған орай Алматы қалалық кардиология орталығында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тұрғылықты мекен-жайына қарамастан қала халқы денсаулығын тексертуге мүмкіндік алды. Мамандардың айтуынша, әлемде миллиардтаған адам гипертонияға шалдыққан. Ал оның алдын алудың бірден-бір жолы – дертті ерте анықтау
«Мәліметтерге сүйенсек, күнделікті жедел-жәрдем шақырудың 70 пайызы осы артериалды гипертензия ауруына байланысты екен. Біздің мақсатымыз сол халықтың арасында кең таралған ауруларды анықтау. Оған сәйкесінше шешім қабылдау. Кімге жедел көмек қажет, оларды ауруханаға жатқызып, ал басқаларына кәсіби кеңес беру», – деді Кардиология орталығының директоры Алмат Қодасбаев.
«Мен бүгін кардиология емханасына ашық есік күніне келіп, дәрігерлерге қаралып, өзім үшін тексеріліп шықтым. Кардиолог дәрігерге рақмет! Көңілімнен шықты», – деді қала тұрғыны Сарқыт Қонысбаева.