«Тең қоғам» әлеуметтік орталығында оқыту курсының саны артпақ

Almaty.tv
Almaty.tv
Орталықта 600-ден астам түрлі топтағы азамат көмек алып келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Тең қоғам» әлеуметтік орталығының мүмкіндігі кеңейді. Алматыда есту қабілеті бұзылған азаматтарға көмек көрсететін қоғамдық қор енді семинар мен оқыту курсының сағатын арттырмақ. Ол үшін қалалық әкімдік қаржылай қолдау көрсетіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білікті мамандардан сапалы дәріс алып, білімін жетілдіруіне жол ашылды. Мұнда бүгінге дейін  18 жастан  жоғары 600-ден астам түрлі топтағы азамат тұрақты көмек алып келген. Қаржылай қолдауға ие болған қоғамдық қорға келушілер саны енді екі есеге артпақ.

«Құлағы естімейтін мүгедек азаматтардың арнайы тілі бар. Олар заңгер, психологқа барған кезде қасында аудармашы болмаса толыққанды көмек ала алмайды. Біздің әкімшіліктің қолдауымен, әлеуметтік бағдарламамен айналысатын басқармалардың қолдауымен  осындай іс-шара жүзеге асып жатыр», – деді  «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының директоры Аманбике Ерғалиева.

Новости партнеров