Алматы қаласы Әкімдігінің ұсынысы бойынша депутаттар сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттар тізбегін бекітті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда медициналық препараттар көлемі ұлғайды. 1,3 млрд.теңге мөлшерінде бөлінген қосымша қаражат жұлын бұлшықетінің атрофиясын, I санаттағы қант диабетін, симптоматикалық эпилепсия мен басқа да ауруларды емдеуге бағытталатын болады.