Қазақстанда пандемиядан кейін де медициналық қызмет қашықтан көрсетілуі мүмкін

көрнекі сурет
көрнекі сурет
2020 жылдың 28 тамызына дейін құжатқа қатысты қоғамдық пікір тыңдалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда пандемиядан кейін де медициналық қызмет қашықтан көрсетілуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың «Сандық технологиялар арқылы қашықтан медициналық қызмет көрсету тәртібін бекіту туралы» бұйрығының жобасы жарияланған болатын, деп хабарлайды Almaty.tv.

2020 жылдың 28 тамызына дейін құжатқа қатысты қоғамдық пікір тыңдалады.  Қашықтан қандай медициналық көмек көрсетіледі? Бұл – жедел медициналық көмек, алғашқы медициналық көмек, мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту, паллиативті медициналық көмек. Ал қашықтан медициналық қызметті амбулаторияларда, стационарларда, стационарды алмастыру жағдайларында, үйде, медициналық ұйымнан тыс жерде, санаторий-курорттық ұйымдарда көрсетпек. Медициналық көмек көрсету науқастың немесе оның заңды өкілінің нақты тұрған жері бойынша анықталады. Бұйрық жобасында қашықтан медициналық қызметтерді шұғыл түрде көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Яғни кенеттен аурулар мен жағдайлар туындағанда, науқастың денсаулығына елеулі зиян келтірмеу немесе өміріне қауіп тудырмас үшін шұғыл медициналық араласуды қажет ететін созылмалы аурулардың күшеюі кезінде аталған көмек түрі қолданылады. Науқастың денсаулығын қашықтан бақылауды емдеуші дәрігер тағайындайды. «Қашықтан көрсетілетін медициналық қызметтер үшін шығындарды өтеу уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады», – деп түсіндіріледі бұйрықта.


ГРАФИКА-1:

Қашықтан медициналық көмек түрлері:

- жедел медициналық көмек;

- алғашқы медициналық көмек;

- мамандандырылған медициналық көмек;  

- медициналық оңалту:

- паллиативті медициналық көмек.

ГРАФИКА-2:

Қашықтан медициналық көмекті алуға болады:  

- амбулаториялық:

- стационарлық;

- стационарды алмастыру жағдайларында;

- үйде, медициналық ұйымнан тыс жерде;

- санаторий-курорттық ұйымдарда.

Новости партнеров