Ауылға барып жұмыс істейтін дәрігерлерге 9 миллион теңгеге жуық бір реттік көтерме ақы беріледі. Ол үшін медицина қызметкерлері барған елдімекенде бес жыл жұмыс істеуі керек. Парламент Мәжілісі кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Заңға сәйкес, ауылға жұмыс істеу үшін баратын медицина қызметкерлеріне 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем беріледі.
– «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша несиесі бар, басқа да көтермеақысы бар. Оны ешкім алып тастаған жоқ. Көтерме ақының үстіне медицина саласына баратын мамандарды ынталандыру мақсатында, ауылдағы медицинаны дамыту үшін 100 ең минималды айлыққа тең көтерме ақыны беріп отырмыз, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз: Енді жаңа туған сәбилер аты-жөнінен бұрын ЖСН алады