Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар интернеттің сапасын жақсартып, операторлар арасында бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік беретін заңды бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Депутат Екатерина Смышляева «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.
Оның айтуынша, бұл құжат депутаттардың бастамасымен әзірленді.
- Заң жобасы аясында бірқатар түзету Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған. Заң жобасы үш блоктан тұрады. Бұл байланыс саласын дамыту, цифрландыруды арттыру және инновацияны қолдау, - деді депутат.
Заң жобасы бойынша бірқатар бастама бар. Олар:
- Жаңа туылған баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмас үшін бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру ұсынылады.Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп отыр, - деді ол.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Оқи отырыңыз:Қазақстанда виртуалды ұялы байланыс операторы пайда болады