«Алматы» телеарнасы «Мың алғыс саған, дәрігер» акциясын бастады

18.06.2021 00:05

Әрбір жолданған құттықтау – теңдессіз сыйлық.

«Алматы» телеарнасы «Мың алғыс саған, дәрігер» акциясын бастады

Медицина қызметкерлері күніне орай «Алматы» телеарнасы ақ халатты жандардың ерен еңбегін ескеріп,  құттықтауға, алғыс айтуға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Almaty.tv.

 18-20 маусым аралығында Денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған  лебізіңді  біздің  whats app нөмірімізге (+7-747-324-77-07) бейне жазба немесе мәтін түрінде жолдаңыздар.  Әрбір жолданған құттықтау – теңдессіз сыйлық.

 Келіп түскен әр алғыс «Алматы» телеарнасының әлеуметтік желілерінде жарияланады.