Дәрігерлердің еңбегін үнемі есте сақтаған жөн – Жәмилә Серкебаева

Almaty.tv
Almaty.tv
Бостандық ауданында өткен іс-шарада медицина қызметкерлері марапатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Дәрігерлердің еңбегін тек пандемия кезінде ғана елемей, үнемі есте сақтаған жөн». Осылай деген белгілі скрипкаш Жәмилә Серкебаева ақ халатты абзал жандарды келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бостандық ауданында өткен іс-шарада медицина саласында қажырлы қызмет етіп, ұлт саулығын сақтауға зор үлес қосқан дәрігерлер марапатталды. Мереке концертпен жалғасып, қонақтар әуезді кешті тамашалады.

«Пандемияның бірінші толқыны кезінде көптеген адам қатты ауырды. Менің анам мен әкем де 12- ауруханада емделді. Оларды сырқатынан айығып кетуіне осы дәрігерлер сеп болып, өлімнен арашалап алды. Дәрігерлерге алғысым шексіз, олардың мейірімі мен сүйіспеншілігінің арқасында  бауырымыз әрдайым бүтін», – деді  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Серкебаева.

«Бостандық ауданындағы медицина мекеме қызметкерлерін, дәрігерлерді, медбикелерді шақырып,  кәсіби мерекесімен құттықтап жатырмыз», – деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева.

Новости партнеров