Қазақстанда 2025 жылға дейін 30 медициналық зауыт салынбақ

ortcom.kz
ortcom.kz
Алексей Цой елімізде ревакцинацияның қалай өтетінін де түсіндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылға дейін елімізде 30 медициналық зауыт салынады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осындай мәлімет берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Сонымен қатар, министр елімізде ревакцинация қалай өтетініне жауап берді. Оның айтуынша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын аяқтағаннан соң 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады. 

«Спутник V вакцинасын алған тұлғаларға 9 айдан кейін инактивті вакцина егу, яғни Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid вакциналарын алуға болады. Немесе керісінше, Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid алған тұлғаларға 6 айдан кейін Спутник V екпесін салу көзделіп отыр. Ал Pfizer вакцинасын алған адамдарға 6 айдан кейін осы аталған вакциналардың кез келгенін салуға болады. Сондай-ақ бірізді екпе түрін салу арқылы қайта вакцина алуға жол беріледі», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Новости партнеров