Нәрестені хиджама әдісімен емдеу дерегі тексеріледі - министр

әлеуметтік желіден алынды
әлеуметтік желіден алынды
Әлеуметтік желіде емшектегі балаға хижама жасап жатқан видео тараған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда нәрестенің бетін тіліп, хижама жасаған факт бойынша тергеу басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін әлеуметтік желіде емшектегі балаға хижама жасап жатқан видео тараған еді. Ал 1 жасқа толмаған сәбидің басын бірнеше жерден тіліп жатқандағы көрініс көптің жағасын ұстатты. Желі қолданушылары бұл әрекетті қатаң сынап шағымданған еді. Аталған жағдай бойынша тергеп-тексеру жүргізіледі, - деді еліміздің бас дәрігері

«Қазір дәстүрлі емес медицинамен айналысып жүргендер көп. Қалай болғанда да олар медициналық көмек көрсету үшін тиісті лицензия алуы керек. Ал лицензия алған медициналық қызметке хиджама жатпайды. Сондықтан Медициналық-фармацевтикалық бақылау комитеті бұл деректі қарап, тексеру жүргізеді», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі биыл «аңсаған сәби» бағдарламасымен 7 мың әйелге көмек көрсетілетінін айтты. Бастама аясында өткен жылы 2 мың 654 отбасында 3 мың 110 шақалақ дүниеге келген. Сәби сүйгісі келетіндерге жасалған мүмкіндік биыл да жалғасады. Министрдің айтуынша, жүкті әйел мен жаңа туған сәбилерге көмекті жетілдіру мақсатында 11 заманауи перинаталдық орталық салу жоспарланып отыр.

Новости партнеров