Медицина майталманы осы салада 35 жыл еңбек еткен
Алматының Түрксіб ауданында жылдың үздік дәрігері анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Байқауда №9 қалалық емханасындағы әйелдер кеңесінің бөлім меңгерушісі Бағлан Төлегенқызы үздік атанды. Медицина майталманы осы салада 35 жыл еңбек еткен.
«Денсаулық – зор байлық» дейді ғой. Қазіргі кезде қиын жағдайды бастан кешіріп жатырмыз. Бәріміздің денсаулығымызда, бірлігімізде тек жақсылық болса, сонда ғана жеңіске жетеміз деп ойлаймын», – деді қалалық № 9 емхананың әйелдер кеңесінің бөлім меңгерушісі Бағлан Құраметова.