Алматыда 3758 медициналық қызметкердің еңбекақысына үстемақы төленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның ішінде 498 дәрігер, 1800 орта және 624 кіші медицина қызметкері, сондай-ақ басқа да 836 маманға төлем жүргізілген. Оған қоса, жедел жәрдем қызметінің 822 көлік жүргізушісіне қосымша ақы берілді. Төлемдердің жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асып жығылады. Айта кетейік, коронавируспен ауырып жатқандарды емдеуге ат салысу кезінде инфекция жұқтырған медицина қызметкеріне 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді.
Графика
COVID-19-бен күресіп жүрген дәрігерлердің еңбекақысына қосылған үстемақы:
3758 медициналық қызметкерге төлем жүргізілді:
▪ Дәрігер – 498
▪ Орта медицина қызметкері – 1800
▪ Кіші медицина қызметкері – 624
▪ Басқа да қызметкерлер – 836
▪ Жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі – 822
Жалпы сомасы – 1 134 800 миллион теңге