Коронавирус дертіне шалдыққан адамдар үшін тегін берілетін 5 түрлі препарат бар
Алматыны дәрі-дәрмекпен қамтып отырған "СҚ-Фармация" қоймасындағы препараттар 2 айға жетеді. Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бастаған тексеріс тобы осыған куә болды. Қазір бірыңғай дистрибьютор коронавируспен күресу үшін 37 түрлі дәрілік зат сатып алған. Сондай-ақ, коронавируспен ауыратын пациенттерге тегін берілетін 5 түрлі препараттың да қоры жасақталған. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Назкен Еркін айтады.
"СҚ-Фармация" компаниясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен қоғамдық бақылау өкілдеріне Алматы маңында орналасқан дәрі-дәрмек қоймасын көрсетті. Эпидемиологиялық толқынға барынша дайынбыз дейді мұндағылар.
Алматы іргесінде орналасқан бұл қоймада 1300-ден астам дәрі-дәрмек сақталған. Мамандар қазір қаладағы медициналық мекемелерде 1 айлық дәрі-дәрмек қоры бар дейді. Егер алда-жалда тағы қосымша дәрілер керек болса мұнда 120 мың пацентті қамтамасыз ететін 2 айға жеткілікті қор дайын тұр.
«Оның ішіне 44 дәрілік зат кіреді. Ол ыстықты басатын, қан сұйылтатын, қабынуға қарсы, гормоналды препарттар кіреді. Алматыда бұл төмендетілген қор бойынша 37 дәрілік зат сатып алынды. 6,9 млрд теңгеге», – деді Алматы қаласы бойынша "СҚ-Фармация" өкілдігінің басшысы Салтанат Ақышова.
Ал қалған жеті дәрілік препарат сатып алыну үстінде. Жалпы ел бойынша бірыңғай дестрибьютордың 4 ірі хабы бар. Соның бірі саналатын бұл қойма Алматы қаласының 155 медициналық мекемесін дәрімен қамтиды. Медициналық емханаларға дәрілерді жеткізу өз уақытымен, яғни апта сайын жүзеге асып отырады.
«Мониторинг нәтижесі бойынша дәрілік заттар бар екенін көзімізбен көрдік. Бұл бір реттік қана шара болмайды. Тексеріліп отыратын болады. СК-Фармация өкілінің айтуы бойынша, бұл дәрілік заттар емханаларға жеткізілді дейді. Енді сол емханаларға мониторинг өткіземіз», – деді қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Елнар Игіліков.
Сонымен қатар, яғни «Парацетамол», «Ибупрофен», «Ривароксабан» сияқты қан сұйылтатын дәрілердің де қосымша қоры жасақталған. Енді халық бұл преапарттарды учаскелік емханалардан алуға болады.
Назкен Еркін, Медет Самаұлы, «Алматы» арнасы