|
25.03.2020 | 21:44
8338

«Астана Опера» театрының қызметкерлері коронавируспен күресуге үлес қосуда

Театр басшылығы бірінші партияны UMC корпоративтік қорының балаларды оңалту ұлттық орталығына беру туралы шешім қабылдапты

«Астана Опера» театрының қызметкерлері  коронавируспен күресуге үлес қосуда astanaopera.kz

Ел басына күн туғанда еңбек ұжымдары ұйымшылдық танытып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жатыр. Мәселен, Астана Опера театры да коронавируспен күресуге өз үлесін қосуда,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Өнер ұжымы бірнеше рет қолдануға болатын бетперде тігіп, тегін таратуға кірісті. Театр  басшылығы бірінші партияны UMC корпоративтік қорының балаларды оңалту ұлттық орталығына беру туралы шешім қабылдапты. Онда әрбір 25 күн сайын 230 ата-ана 300-ден астам баланы емдеуге әкеледі.

«Астана Операның» тігін, костюм және бутафор цехтарының шеберлері  қашықтан жұмыс істеуге көшуіне байланысты өз тігін машинасымен үйлерінде бетперде тігеді. Материалдар театр қоймасынан жеткізілді. Біз ақ түсті мақтаны, дәке пайдаландық, сондай-ақ, театр әкімшілігі ені 7 сантиметр резеңке сатып алды. Маска өлшемі 20/19 сантиметр, ол бір мақта қабатынан және алты дәке қабатынан тұрады», – деді "Астана Опера"  мемлекеттік опера және балет театрының баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат ӘБДІРОВА.

Осылайша, Астана Опера театрының ұжымы 5 сәуірге дейін тағы да 2000 бетперде тігуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, театрда жұмысын жалғастырып жүрген қызметкерлерге 200-ден астам дайындалған бетперде таратылыпты.

Бұлар спектакльдерді тікелей трансляциялауды жүзеге асыратын IT-бөлімнің мамандары, сондай-ақ театрдың күзет қызметі мен жедел штабының қызметкерлері. Бетперденің бір бөлігі медициналық орталықтарға берілгеніне қарамастан, алдымызда ауқымды жұмыс күтіп тұр, дейді мұндағылар.

Асылбек Тойбек, "Алматы" арнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир