Алматы маңында әскери-далалық госпиталь тұрғызылды
Almaty.tv
Дәріхана, операциялық блок пен жансақтау бөлімшесі бар аурухана 72 сағатта бой көтерген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы маңында әскери-далалық госпиталь тұрғызылды. Науқастарды қабылдау және диагностикалық бөлімшелер, дәріхана, операциялық блок пен жансақтау бөлімшесі бар аурухана 72 сағатта бой көтерген, деп хабарлайды Almaty.tv
Жылжымалы емдеу мекемесінде Алматы мен Алматы облысындағы короновирус жұқтырғандар жергілікті ауруханаларға сыймаған жағдайда осы әскери госпитальға жатқызылады. Мұнда заманауи медициналық құрылғылар жеткілікті. Ондағылар Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысы бойынша әрекет етеді. Госпиталь жылыту және ауа баптау жүйелерімен де қамтамасыз етіліп, тазалыққа қажетті жабдықтар мен жуыну бөлмелері де жұмыс істеп тұр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.11.2026 08:10
Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыппұл арқалап жатыр
23.11.2026 10:50
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
24.11.2026 14:31