Ауыр жағдайда ондаған күрделі ота жасаған
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының дәрігерлері өкпесі 100% -ға жуық зақымданған науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, карантин кезінде жұмыс істеген медициналық мекемелердің пациенттері өмірлерін сақтап қалған дәрігерлерге ризашылығын білдіруде. Эпидемиологиялық ахуал өршіп тұрған уақытта Алматы қаласы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының дәрігерлері ауыр жағдайда ондаған күрделі ота жасады. Сонымен қатар, өкпесі ақымданған науқастарды да аман алып қалды.