|
24.01.2020 | 20:20
6111

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында ашық есік күні өтті

Жыл сайын елімізде 1700 адам қатерлі дертке шалдығады екен

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында ашық есік күні өтті politeka.net

Алматы облысы бойынша онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар саны жылдан-жылға өсіп барады. Бұл туралы Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының бас дәрігері мәлімдеді. Осыған орай, алматылықтар үшін ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Шара барысында ем қабылдаушылар онколог мамандардан тегін кеңес алды. Ашық есік күнін өткізудегі мақсат – қатерлі ісік ауруларын алдын алу.

Әйелдер арасында кездесетін қатерлі ісіктердің арасында жатыр мойыны обыры өзекті болып отыр. Өкініштісі сол, жыл сайын елімізде 1700 адам осы дерттің құрбаны болуда. Өткен жылы Алматы облысының өзінде жатыр мойыны обырымен 867 науқас тіркелген. Аты жаман аурудың алдын алу мақсатында облыстық көпсалалы профильдік клинасында жатыр мойыны обырының онкүндігі басталды. Бұл – жыл сайын өтетін дәстүрге айналған шара. Тұрғындар клиникаға келіп мамандардың арнайы кеңесін тыңдап, тегін ем қабылдады.

«Бүгін Алматы көпбалалы ауруханасында ашық есік күні өтіп жатыр. Соған арнайы келіп отырмыз, бізге өзіміздің аудандық поликлиникадағы медбике ескертіп айтты. Осында қазір мамолог, гинеколог мамандар бізді қарап, тиісінше анализдер алды, енді нәтижелерімізді білгеннен кейін, ем-домдарымызды аламыз деп ойлаймыз», - деді емделуші Даяна ТОҚБЕРГЕН.

Былтыр Алматы облысында 9 мыңға жуық адам қатерлі ісік ауруына шалдыққан.  2018 жылмен салыстырғанда 500 науқасқа  көп. Мамандар мұны қауіпті дерттің кеш анықталғандығымен түсіндіреді. Себебі жаңа пайда болған қатерлі ісікті 100 пайыз емдеуге болады. Көп жағдайда адам ағзасында мұндай аурулар 40 пен 60 жас аралығында байқала бастайды. Мамандар бұл кезеңде емделу тым кеш екенін айтады. Науқасты қатерлі ісікке жеткізбей, ерте анықтап, тиісті емшараларды уақытылы қолданса, өмірін алып қалу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары екен.

«Мемлекеттің бағдарламасымен скрининг бағдарламасы жүргізіліп жатыр. Соның өзінде де нәтижелер оң, бірақ біздің мақсатымыз - 4 сатыға жеткен әйелдерді азайту немесе жою. Өйткені, 1-2 сатысында анықталған болса, тез емделеді,  жазылып кету мүмкіндгі 100 пайыз», - деді Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының бас дәрігері Саяхат ОЛЖАЕВ.

Сондай-ақ, дәрігерлер жасөспірім қыздарға тұрмыс құрмай тұрып, папиллома вирусына қарсы екпе салуды ұсынады. Мамандардың айтуынша, екпенің денсаулыққа кері әсері жоқ. Облыстық онкологиялық ауруханада тегін ем қабылдау шарасы 25 қаңтарға дейін жалғасады.

Ұлағат Арғын, Арсен Сандыбаев «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир