Fokker-100 ұшақ апатынан зардап шеккен 31 адам ауруханадан шығарылды

Fokker-100 ұшақ апатынан зардап шеккен 31 адам ауруханадан шығарылды
Бүгінде жансақтау бөлімінде жалғыз зардап шегуші қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы маңында болған ұшақ апатынан зардап шегіп, ауруханаға түскендердің басым бөлігінің жағдайы жақсарып келеді. Бүгін бұл туралы брифингте қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазір 19 науқастың жағдайы тұрақталған. Оларға медициналық көмек толық деңгейде көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, 21-і станционарларда ем қабылдауын жалғастыруда. Еске сала кетейік, жалпы ауруханаға 52 науқас жеткізілсе, оның 9-ы бала.

«Бүгінгі таңда осы Алматы қаласының және Алматы көпсалалы ауруханасында жатқан жарақаттанғандардың ішінде 31-і ауруханадан шығарылды. Оның ішінде жедел жәрдем ауруханасынан 9 ересек жарақаттанушы, №4-ші қалалық клиникалық ауруханадан 11 ересек жарақаттанушы шығарылды. Қалалық орталық клиникалық ауруханадан 2 ересек жарақаттанушы шығарылды. Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасынан 3 жарақаттынушы шығарылды», - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ

Новости партнеров