Алматыда жүрекке бірегей ота жасалды. Бұл №7 қалалық аурухана тарихында болмаған дейді дәрігерлер. Аурухананың интервенциялық хирургия және аритмология бөлімшесінде жүрекше жыбыры бар 4 науқасқа ота жасалып, барлығы да сәтті аяқталған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Операциядан кейін науқастардың жүрек соғуы толықтай қалпына келген. Олар өздерін жақсы сезінгендіктен, жуық арада үйлеріне шығарылады. Дәрігерлер бұл отаның маңыздылығы жоғары дейді. Себебі дер кезінде емделмеген жағдайда дерт ишемиялық инсульт пен жүректің созылмалы жетіспеушілігіне алып келуі мүмкін.
«Біздің 7 қалалық ауруханаға жүрекше жыбыры пораксимальді түрімен 55 жастағы науқас келіп түсті. Науқастың айтуы бойынша, соңғы 2-3 ай көлемінде біркелкі емес жүректің бағытының бұзылуы мазалайды. Толық науқасты өткізгеннен кейін науқасқа жүрекшенің тамырының сағасын кравенация жасау отасы тағайындалды», – деді №7 қалалық клиникалық ауруханасының кардиолог дәрігері Қанат Ергешов.