Ақтөбеде қызылша ауруына қарсы жұмыс күшейді. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан қосымша 50 кереуеттік орын дайындалған. Сондай-ақ екпе алмаған дәрігерлер мен балаларға вакцина салынып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір ауруханада 40 науқас бар. Оның арасында 35 бала бар. Дегенмен дәрігерлердің айтуынша, жағдай жақсара бастады. Осыдан 10 күн бұрын ауруханадағы науқастар саны жүзден асқан. Өңірде екпе алмаған 2700 бала бар. Олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазірге дейін 86 балаға вакцина салынды.
– Ақпанда алғашқы науқас анықталды, содан бері 359 жағдай қызылшаға күдікті деп тіркелді. Оның ішінде 279-ы зертхана бойынша анықталды, – деді Ақтөбе облысының бас дәрігер-педиатры Нұргүл Сарманова.
Оқи отырыңыз: Атыраудағы қоқыс тазалау мәселесі қалай шешілді